БКМ – бұл қиял өмір сүретін үй. Бұл жерге көбелектей жарыққа ұмтылған баланың нәзік жандары жиналады. Олар мұнда тек білім алу үшін ғана емес, ересектердің көркемдік дүниетанымын түсініп, шығармашылық ойларын қолдауға, түрлі идеяларын жүзеге асыруға көмек алу үшін келеді. Әр бала өз шығармашылық арманын толық жүзеге асыра алатын бағытты өзі таңдайды.
Балалардың көркемдік ойлау қабілетін дамытуға бағытталған мектеп ашу идеясы 1983 жылы Лениногорск қалалық халыққа білім беру бөлімінің меңгерушісі И. Эскеровтің бастамасымен пайда болды.
Лениногорск қалалық білім беру бөлімі №73 бұйрығымен:
«1983 жылдың 1 қыркүйегінен бастап Лениногорск қаласында көркемсурет мектебін ашу, осы мақсатқа №1 жұмысшы жастар мектебінен жеке кіреберісі бар 4 сынып бөлмесін бөлу» деп бекітілді. Осылайша, Балалар көркемсурет мектебінің негізі қаланды!
30 жыл бойы мектеп бір мекенжайда — Тәуелсіздік даңғылы (бұрынғы Ленин даңғылы), 10-үй орналасқан.
Мектептің «іргетасы» Пустокашина Татьяна Михайловна басшылығымен қаланды. Ол бұл мекемені 29 жыл басқарды. Татьяна Михайловна – шығармашылық әрі дарынды тұлға, ешқашан тоқтап қалмай, өзіне де, ұжымға да биік мақсаттар қойды.
Балалар көркемсурет мектебінің дамуына өз үлесін қосқан барлық ұстаздар мен қызметкерлерге жылы лебіз айтқымыз келеді. Әр жылдары мектепте келесі педагогтер еңбек етті: Гарафонов В.И., Агафонов В.И., Итахунова Л.А., Леонова Т.А., Петрачкова М.Ф.







