Мектепке балалар 10 жастан (дайындық сыныбына) және 11 жастан (1-сыныпқа) қабылданады. Негізгі оқу курсы – 4 жыл, яғни, оқушылар 4 даму сатысынан өтеді. Көптеген оқушылар негізгі курстан кейін де жеке бағдарламалар бойынша білімін жалғастырады.

Бұл бастауыш көркемдік білім беру мекемесі ретінде сурет өнерінің негізін үйретіп, тәрбиелік жұмыстар жүргізеді. Оқушылар келесі пәндерден білім алады: сурет, кескіндеме, композиция, мүсін, өнер тарихы, қолданбалы композиция. Бұл пәндерді жақсы меңгеру – архитектура, дизайн (кеңістік, интерьер, киім, жиһаз) сынды мамандықтарға түсуге мүмкіндік береді.

Негізгі курсты аяқтап, емтихан тапсырғандарға мемлекеттік үлгідегі мектеп бітіру туралы куәлік беріледі.

Қазіргі таңда мектепте 190 оқушы білім алуда.
Мектепті бітіріп, арнайы оқу орындарын тәмамдаған түлектер өнердің түрлі салаларында еңбек етуде.

Султанова Асель Сериковна

Директор