Риддер қаласындағы Балалар көркемсурет мектебі оқушыларының Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығы аумағында өткізген пленэрі нағыз шабыттандыратын әрі танымдық оқиға болды. Қорықтың қайталанбас табиғаты, тап-таза тау ауасы, сан алуан түстер мен әртүрлі ландшафттар жас суретшілердің шығармашылық қабілетін ашуға тамаша мүмкіндік жасады.

Пленэр барысында қатысушылар ашық аспан астында жұмыс істеудің жаңа кәсіби әдіс-тәсілдерін меңгеріп қана қоймай, айналаны танып-білу, табиғатпен үйлесімді өмір сүру атмосферасын сезінді. Көптеген балалар алғаш рет фотосуретпен жеткізу мүмкін емес көркем көріністерді көргендерін, тек суретші шеберлігі мен жеке әсер арқылы ғана суреттеуге болатынын атап өтті.

Иванов жотасына жасалған экскурсия ерекше әсер қалдырды. Қорық маманы, тәжірибелі экскурсовод Эктова Татьяна Владимировна бұл аймақтың тарихы, қорықтың өсімдіктер мен жануарлар дүниесі туралы қызықты әңгімелеп беріп, таныс табиғатты ғылыми тұрғыдан көруге көмектесті. Балалар көп сұрақ қойып, сирек өсімдіктер мен құстарды қызығушылықпен бақылап отырды.

Балалар көркемсурет мектебінің оқушылары «Бүркіттер» және «Лашындар» командаларының құрамында Білімпаздар турниріне қатысты. «Бүркіттер» командасы жеңіске жетіп, жүлделерге ие болды.

Мұндай сапар балалардың бақылаушылығын, экологиялық ойлауын дамытып, таным көкжиегін кеңейтіп, пленэр кезінде салынған суреттер туған өлкенің табиғатын эмоционалды және эстетикалық қабылдаудың нағыз көрінісіне айналды.

Педагогтар мен ұйымдастырушыларға қауіпсіздікке деген қамқорлығы, ұқыптылығы және ерекше шығармашылық атмосфера қалыптастырғаны үшін алғыс білдіреміз. Бұл іс-шара балалардың көркемдік және жеке дамуының маңызды кезеңі ретінде олардың жадында ұзақ сақталады.

Султанова Асель Сериковна

Директор