Айта кетерлігі – уақыт өте келе педагогикалық ұжым бұрынғы түлектермен толықтырылды.

Қазіргі таңда мектепте 7 мұғалімнен құралған шығармашыл ұжым жұмыс істейді. Барлығының жоғары немесе арнайы орта білімі бар.

Мектеп ұстаздары – өз ісінің нағыз жанашырлары. Олар тәрбиеленушілерін сурет өнерінің әліппесіне үйретіп қана қоймай, олардың дүниетанымын, шығармашылық қабілетін дамытуға көмектеседі, сұлулықты көріп, оны бағалауға баулиды, көркемдік талғамды қалыптастырады және айналасындағы әлемді әдемі, мейірімді етуге шабыттандырады.

Султанова Асель Сериковна

Директор